Қытайлық азамат Джеки Чанның роликті костюмін қолдан жасады

Қытайлық азамат Джеки Чанның роликті костюмін қолдан жасады
Фото: http://24gadget.ru

Қытайдағы қазақтар ең көп қоныстанған аумақтың бірі Үрімші қаласында қызық жағдай болды. Қытайлық азамат «Доспехи Бога 3: Миссия "Зодиак"» фильміндегі басты кейіпкер Джеки Чанның роликті костюмін жасап шыққан.

Азамат костюмді киіп, көлік қозғалысына арналған жолға шыққан. Мұны көрген қала тұрғындары көліктермен қатар сырғанап бара жатқан жігітті видеоға түсіріп, желілерде таратып жіберген. Видео, сонымен қатар Қытайдың CCTV арнасынан көрсетіліп, компанияның Youtube арнасына да жүктелді.

Қытайлық жол сақшылары бұл азаматты заң бұзушы ретінде тұтқынға алып, көлік қатынасына кедергі жасағаны үшін оған айыппұл салды. Фильмнен көрген костюмді жоғары деңгейде жасап шыққан азаматтың қамауға алынуы да мүмкін.

А. Қажиев