Ежелгі өркениетке тиесілі жұмбақ қабір табылды

Ежелгі өркениетке тиесілі жұмбақ қабір табылды
Фото: justlatestnews.com

Архелогтар Мексикадағы қазба жұмыстары нәтижесінде бұдан 7 мың жыл бұрын өмір сүрген майялықтардың арғы атасы есептелетін адам сүйектерін, оның ішінде біртүрлі ұзын бас сүйектерін тапты.

Бұл сол кездері Америка құрлығында пайда болып жатқан өркениеттен хабар беретін ең көне дереккөздер. Зерттеушілер Мексиканың оңтүстігінде Табаско штатындағы үңгірден үш адам қаңқасын тапқан. Сараптама нәтижесінде екі қаңқаның жасы 4 мың жыл, үшіншісінің жасы 7 мың жыл екені анықталды.

Сол дәуірдегі адамдар енді көшпелі тұрмыс тәрізіне өте бастаған. Археологтардың айтуынша, үңгір майялықтарға тұрақ емес, қасиетті рәсімдерді атқаратын, құрбандық шалатын жер болған екен. Зерттеулерге қарағанда, бас сүйектің ерекше ұзын болуы майялықтар үшін сұлулық пен абырой белгісі болған.

Т. Раушанұлы