Онлайн-олжа: егер құстар із қалдырса

Онлайн-олжа: егер құстар із қалдырса
Фото: xavibou.com

Егер құстар аспанда із қалдыра алса қалай болар еді? Мұның жауабын испан фотограф Хави Бу іздеп көріпті. Ол өзінің "Ornitografíеs" жобасында құстардың мінез-құлқын зерттеп жүрген. Ал құстардың ауадағы ізі жайлы тың идея осы жоба барысында пайда болған.

"Ornitografíеs" қалай жасалғанын Хави Бу былай түсіндіреді:

"Егер құстар ауада із қалдыра алса, бұл табиғаттың ең тамаша туындысы болар еді. Мен бала кезден құстарды жақсы көрдім, оларды әлі күнге дейін зерттеп келем. Құстардың із қалдыратындай физикалық қабілеті жоқ. Бірақ олардың артта қалатын жолы бар. Оны тек фотоаппарат қана бедерлей алады. Бір құстың ұшып өткен траекториясын суретке түсіріп үлгеру үшін және суреттердің сапасын бір деңгейде ұстап отыру үшін ептілік пен жылдамдық керек. Ал кейін оны өңдеу бөлек шаруа. Алғашқы суреттерім сәтсіз шықты. Бірақ шыңдала келе әр құстың ұшу бағытын сезетін жағдайға жеттім. 10 метрлік құс жолын түсіру үшін кейде мыңдаған кадр кетеді. Есесіне өңдеп, біріктірерде оңай болады. "Ornitografíеs" жобасындағы әр сурет мыңдаған біріккен кадрлардың жемісі".

Фотограф өз тәжірибесінде жылдам ұшатын лашын құсты түсіру қиын болғанын жасырмады. Ол құстың жиынтық суреті ақыры жарияланбапты. Бірақ Хави Бу жылдам құстардың ізін бөлек жариялайтынын айтқан.

Massaget.kz