Голливуд үңгірден құтқарылған футболшылар туралы фильм түсіреді

Голливуд үңгірден құтқарылған футболшылар туралы фильм түсіреді
Фото: ivona.bigmir.ne

Тайландта үңгірде қалып қойған жас футболшылардың құтқарылуы бірнеше кинопродюсерді олар туралы кино түсіруге шабыттандырған.

Бұл ұсынысты алдымен Pure Flix студиясы жасады. Компания оқиға орнында болған балаларды құтқару кезінде қайтыс болған сүңгуірді танитын Майкл Скоттпен бірге осы оқиғаны киноға айналдыру ниетін білдірген еді.

Кейін Джон Пенотти басшылығындағы  Ivanhoe Pictures студиясы Тайланд үкіметі, 12 бала мен олардың бапкері, сүңгуірлер, құтқарушылар туралы фильмді түсіру жобасын мақұлдағанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында балалар футбол командасы бапкерімен бірге мемлекеттің шығысындағы Кхао-Луанг үңгірінде жоғалып кеткен. Іздестіру барысында белгілі болғандай, саяхатшылар күшті жаңбыр жауып соның салдарынан шығар есіктер су астында қалғаны себепті үңгірден шыға алмағаны белгілі болған. 

Құтқарушылар балалар тірі екенін анықтағанмен, олар тек 4 айдан соң, су тартылғасын барып үңгірден шыға алады деп мәлімдеген еді. Құтқару операциясына Тайланд әскери қызметінен бөлек, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай құтқарушылары және Илон Маск қатысқан болатын.

Т. Раушанұлы