Өмір сүру үшін әлемдегі ең қауіпсіз елдің аты белгілі болды

Өмір сүру үшін әлемдегі ең қауіпсіз елдің аты белгілі болды
Фото: inlovewithjourney.com

Америкалық ғалымдар өмір сүруге қолайлы, ең қауіпсіз елді анықтады. Бұл мемлекет Исландия. Зерттеулерге қарағанда дәл осы мемлекетте ең жоғарғы орташа өмір сүру жасы анықталған.

“Исландияны әлемдегі ең қауіпсіз, тыныш мекен деп есептеуге болады. Бұл жерде бүгінгі күнде қылмыстық көрсеткіш ең төменгі дәрежеде. Бұл ел қатерлі ісік ауруларынан қорқатын адамдар үшін таптырмас орын", –  дейді америкалық ғалымдар.

Исландия жергілікті тұрғындардың денсаулығының мықтылығымен, табиғи апаттардың өте аздығымен, қылмыстық істердің төмендігімен, т.б көптеген жақсы көрсеткіштерімен соңғы уақытта басқа елдерге үлгі болып келе жатыр. Бұдан басқа соңғы 500 жылдан бері осы ел тұрғындары ғаламшарымыздың ең бақытты адамдары болып саналады екен.

Т. Раушанұлы