Белгияда қоқыстан мүсін жасалды

Белгияда қоқыстан мүсін жасалды
Фото: blog.atomlabor.de

Белгияның Брюгге қаласындағы өзендердің бірінде ерекше кит мүсіні орнатылды. Ерекшелігі сол мүсін Тынық мұхиты мен Атлант мұхитынан жиналған қоқыстардан жасалған. Мүсіннің биіктігі 11,4 метр, салмағы 4,5 тонна.

Мүсіннің дизайнын жасау бойынша Нью-Йоркдегі суретшілер Джейсон Климоски мен Лесли Чанг басшылық ететін "STUDIOKCA" дизайн-студиясы айналысқан. Олар бұл ісімен адамдар назарын әлем суларының ластану мәселесіне қаратпақшы болған. Дүниедегі мұхиттарда жиналатын қоқыс салдарынан миллиондаған су жануарлары зардап шегеді.

Мүсіндегі жазуда қазіргі уақытта мұхиттарда 150 миллион тонна қоқыс бар екендігі айтылған. Бұл жер бетіндегі барлық кит салмағынан да ауыр. Мұхиттардағы барлық қоқыстың жалпы аумағы бүгінде Австралия құрлығынан да үлкен.

Т. Раушанұлы