2019 жылы ғарышқа билеттер сатыла бастайды

2019 жылы ғарышқа билеттер сатыла бастайды

SpaceX-тан кейін тағы бір америкалық компания барлық ұшқысы келетіндер үшін ғарышқа сапарды бастауға дайын екенін жариялады, деп жазады Spacenews. 

Blue Origin жеке аэроғарыш компаниясының аға вице-президенті Роб Мейерсон таяуда ғарышқа апаратын суборбиталық саяхат билеттері 2019 жылы сатылымға түсетінін мәлімдеді. «Алдағы уақытта ғарышқа алғашқы сынақ ретінде жолаушылармен бірге ұша бастаймыз. Ал, билеттер 2019 жылы сатылымға шығады», - деп уәде етті Мейерсон.

Қазіргі таңда компанияның ғарышқа жасаған барлық сапары жолаушыларсыз жүргізілген, бірақ Blue Оrigin бұдан бұрын сынақ ұшырылымдарға оның қызметкерлері қатысатынын мәлім еткен болатын. Мейерсон ғарышқа ұшу билетінің бағасын айтқан жоқ.

2015 жылы компания New Shepard суборбиталық кемесін сегіз рет ұшырған. Соңғы ұшырылым 29 сәуірде өтті. Келесі ұшырылымның қашан болатыны әзірге белгісіз. Компаниядағы дереккөз оның жазда болатынын ғана растады. Blue Origin компаниясының негізін америкалық миллиардер, 2000 жылы әлемдегі ең дәулетті адам атанған Джефф Безос қалаған. 

inform.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады