Ғарыш туралы қызықты деректер

Ғарыш туралы қызықты деректер
Фото: spacegid.com

• Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге ұзарады.

Ғарышта мүлде дыбыс болмайды. Себебі дыбыс болу үшін атмосфера керек екен.

Ғарышта екі бұйым немесе металл бір-біріне тиіп кетсе бірден жабысып қалады да оларды бір-бірінен ешқашан ажыратып ала алмайды екенсіз. Осы жағдай ғылымда «суық дәнекерлеу» деп аталып кеткен. Ал, жерде мұндай реакция болмайды. Себебі оған ауа менсу кедергі келтіреді екен.

Ғарышта жылай алмайсыз. Себебі көз жас ваккум кезінде тамшыламайды.

Ғарышкер С. Рязанскийдің айтуынша ғарышта ыстық темір жол рельсінің исі шығып тұрады.

1962 жылы ғарышта водородты бомба жарылған.

 • Меркурий ғаламшарындағы 1 күн Жердегі 2 жылдан да ұзақ уақыт. Меркурий өз өсінде өте ақырын айналады. Күнді 88 күнде айналып шығады.

Т. Раушанұлы