Таксофон тарихындағы қулықтар

Таксофон тарихындағы қулықтар
Фото: unsplash.com

Өркениет тарихында телефон-автоматтардың (таксофон) пайда болу уақыты ХІХ ғасырға тиесілі. Содан бері таксофон өнертабыс ретінде түрлі айланың құрбаны болды. 

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде кей айлакер абоненттерде "таксофон тиыны" болған. Оның құрылымы қарапайым: тиынды тесіп, жіп байланған.

Кейін таксофонды қолданарда тиын салынып, байланыс орнатылады. Абонент сөйлесіп болған соң, жібі бар тиынды суырып алып, бірнеше мәрте тегін сөйлесіп жүрген. Бұл қулық тиынды алып қалуға қабілеті бар жаңа таксофондар орнатылғаннан кейін іске аспай қалады.  

Бұған қарама-қарсы жағдай теңіздің арғы бетінде болған. 1990 жылдары Техас штатының абоненттеріне қалалар арасында қоңырау шалу үшін оператор түрін таңдау керек болған. Көбісі нақты оператор түрін пайдаланып, сол арқылы байланыс орнатқан. Ал 3 % абоненттер не айтарын білмеген. Сол себепті оларды кез келген оператор арқылы байланыстырған. Бұл жағдайды кәсіпкер ұтымды пайдаланып кетеді. Ол "I Don’t Know", "I Don’t Care", "It Doesn’t Matter" және "Whatever" ("Білмеймін", "Маған бәрібір", "Маңызды емес", "Айырмашылығы жоқ") деген операторлар ашып, олардың бағасын қымбаттатып жібереді. Аталған сөздер ең жиі айтылатын болғандықтан, біршама абонент шығынға батады. Бірақ бұл қулық ұзаққа бармайды. Себебі одан арзан операторлар бар екенін тұрғындар түсініп, таксофон қызметіне жауапкершілікпен қарай бастаған.

Massaget.kz