Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Plagiarius: плагиат музейі

Plagiarius: плагиат музейі

Plagiarius: плагиат музейі

Германияның Золинген қаласында 2007 жылдан бері плагиат музейі бар. Оның негізін қалаушылар мен қызметкерлері плагиаттың қаншалықты оғаш, әділетсіз дүние екенін көрсету үшін, музей қорын әлі күнге дейін жаңартып келеді.

Мұндай бірегей музей ашу идеясы неміс өнеркәсіптік дизайнері Ридо Буссеге өте кездейсоқ жағдайда келген.  Ол Франкфурт қаласындағы өнеркәсіп көрмесінде өзінің патенттелген туындысы пошта арбасының көшірмесін көріп қалады. Арба Гонконгта жасалған екен. Мұндай тұрпайы плагиаттан зәрезап болған Ридо осы сияқты өзге көшірмелерді жинап, өз коллекциясына қоса береді. Сол арқылы плагиатқа деген өзінің наразылығын білдіреді.

2007 жылы дизайнер өнеркәсіптік плагиатқа негізделген «Plagiarius» музейін ашады. Музейдегі стендтерде екі бірдей экспонаттар қатар қойылған. Бірі түпнұсқа болса, екіншісі – көшірме. Екі экспонатты бір-бірінен айыру өте қиын. Ридо Буссе айтуынша, көшірме заттар өндірісі Германия экономикасына миллиардтаған шығын әкеледі екен.

Музей ашылғанда аяқ-киімнен бастап тұрмыстық техникаға дейін 250-ден астам экспонат қойылған. Оларды, расымен, айыру оңай емес. Мұндайда қызметкерлер, бастысы, экспонаттар орнын ауыстырып алмаса болды.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: commons.wikimedia.org
Қосылған күні: 27 мамыр 2018, 11:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.