Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Бөбектің қолынан дәм татыңыз

Бөбектің қолынан дәм татыңыз

Бөбектің қолынан дәм татыңыз

Кез келген бөбектің қылығы да, сөзі де, өзі де сүйкімді келеді. Әсіресе, олар дайындаған тағамдар – өте дәмді әрі ерекше. Сонда қалай, балақандардың тағам жасағанын естімегенсіз бе? Ал Амстердам тұрғындары мұндай оқиғаны күн сайын көріп келеді.

Амстердам қаласындағы Kinderkookkafe мейрамханасында 12 жасқа дейінгі сәбилер қызмет етеді. Тіпті, басқарушысы да кәмелет жасқа толмаған бозбала. Мұндағы балақайлар келушілерге қызмет етіп қана қоймай, есеп шығарып, өздерінен бірнеше жас үлкен аспаздардың үстінен қадағалайды.

Мейрамхананың мәзірінде дәмі тіл үйірер балмұздақтар, тәтті бәліштер мен тоқаштар және шәйдің бірнеше түрі мен сирек кездесетін кофе өнімдері бар. Балалардың өз қолдарымен әзірлеген қыша сорпасы мен майшабақтары – көпшіліктің арнайы іздеп келіп жейтін тағамдарына айналып үлгерген. Қызмет көрсету өте жоғары деңгейде. Қыңыр әрі кірпияз адам болсаңыз да, сізді қуана қарсы алады.

Мейрамхана ерекшелігі – мұндағы тағамдардың бағасы өте арзан. Бөбектердің қолдарынан дәм татқыңыз келсе, алдын ала орынға тапсырыс беріп қойсаңыз болғаны. Өйткені, мұнда бас сұғатын адамдар қатары өте көп.

Мейрамхананы арнайы ұйымдастырылған аспаздық мектебі десе де болады. Өйткені сабақтан бос уақытында келетін бөбектер кәсіби аспаз, даяшы, кассир, бармен мамандықтарын алып шығады.

 

Kinderkookkafe орталығының басты мақсаты – балаларды жауапкершілікке, топпен жұмыс жасауға, еңбексүйгіштікке, мәдениетке үйрету. Көбіне, ата-аналар бетімен кеткен, тіл алмайтын балаларын осында алып келеді екен. Нәтиже жоқ емес. Мейрамханадағы тәлім мен тәрбиеден кейін жас аспаздар тіл алғыш, жауапты, тәуелсіз болып шыға келеді. 

Суреттер:xn--80aidos4e2a.xn--p1ai,newinfa.ru,lols.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1469 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қазан 2012, 19:28
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 09:04

Артынан асхананы жинау қиын болған шығар :P

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...