«Work and travel»: CV деген не?

«Work and travel»: CV деген не?
Фото: dpchas.com.ua

Егер “Work and Travel” бағдарламасы арқылы шетелге баруды жоспарлап, өзіңіздің мақсатыңызға сәйкес жұмыс іздеп жүрсеңіз, демек, бұл терминмен бірнеше рет кездестіңіз. Өйткені, шетелдік жұмыс беруші сізден міндетті түрде CV жіберуді сұрайды.

CV – бұл түйіндемеңіз. CV немесе латын тілінен  «сurriculum vitæ» – өмір салты деп аударылады. Бұл құжатта сіз туралы ақпарат, жұмыс өтіліңіз және дағдаларыңыз жазылады.

Қазақстанда түйіндемеге нақты ақпараттар жазылса, ағылшындар нақтылықтан гөрі, толық ақпаратпен жұмыс жасағанды жақсы көреді. Сондықтан CV-де сіз туралы толық мәлімет жазылуы керек. Ол А4 форматында он бетке дейін жалғасады. Сіз бұл құжатқа дағдыларыңызды енгізіп қана қоймай, оған сәйкес жұмыстарыңызды да тіркей аласыз. Біреудің сізге жазып берген кепілдеме (ұсыныс) хатты да көрсетіңіз.

Түйіндемеңіздің бастапқы бетін дұрыс сәндеңіз. Барынша дизайнын ерекше етуге тырсыңыз. Өйткені, бұл сіздің жұмысты тиянақты жасайтыныңызды дәлелдейді.

Сонымен қатар, жұмыс беруші жұмысқа қабылдамас бұрын видео-форматта емтихан немесе қарапайым сөйлесу дағдысы бойынша (собеседование) қабылдау әдісін өткізуі мүмкін. Бұл уақытта қобалжымаңыз. Өйткені, сіз уайымдаған сайын, қателіктер жіберу мүмкіндігіңіз артады.

Жұмысқа қабылданған соң, жұмыс берушімен жиі сөйлесіп тұрыңыз. Әсіресе, тексеріс кезінде сіздердің тікейлей қарым-қатынас орнатқандарыңыз, оны дәлелдейтін құжат маңызды болмақ.

Сәттілік тілейміз!

Т. Есқали