Америка банкының бұл маусымдағы табысы 340 миллион доллар ғана

Америка банкының бұл маусымдағы табысы 340 миллион доллар ғана

Америка банкының 17 қазанда жариялаған экономикалық баяндамасына сүйенсек, жылдың үшінші мезгіліндегі (күз маусымы) табысы 340 миллион доллар болып, былтырғы 6 миллиард 200 миллион АҚШ долларынан әлдеқайда төмендеген.  Мұның себебі негізінен, 1 миллиард 900 миллион доллар қарыз құнын теңгеру (DVA), кіріс құнын теңгеру (FVO), 1 миллиард 600 миллион долларлық еларалық дау шығымы, 800 миллион  долларлық бажыны кешіктіру сияқтылардан пайда болған құлдырау екен. Ал жаз маусымындағы Америка банкының  DVA мен FVO шығарып жібергеннен кейінгі кірісі 22 миллиард 530 миллион америка доллар болған. Бұл былтырғы көрсеткішпен бірдей. 

Экономикалық баяндамада күз маусымындағы Америка банкының қарызы 117 миллиард долларға көбейген. Мұның ішінде 73 миллиард 700 миллион доллары сауда түріндегі қарыздар, 20 миллиард 300 миллион доллар тұрғын үй мен төмен өсімді қарыз, 10 миллиард 600 миллион доллар жер сауда қарызы, 4 миллиард 500 миллион доллар тұтынушылар мен кіші типті компаниялардың кредиттік картасы, 930 миллион доллар үй-мүлік және жеңіл өнеркәсіп қарызы, 6 миллиард 300 миллион доллар басқа түрдегі қарыздарды қамтиды екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: eseo.ru

Қ. Қауымбек