Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Жапондық иілу рәсімі

Жапондық иілу рәсімі

Жапондық иілу рәсімі

Жапония - керемет дәстүрлер елі. Сол дәстүрлердің ең танымалы - иіліп сәлем беру. Иілудің жапондықтардың өмірінде алатын орны соншалықты, олар тіпті телефонмен сөйлескенде иілуді ұмытпайды екен. 

Иілу – мың қырлы өнер. Қаншалықты қатты еңкейіп иілу керектігі түрлі жағдайларда түрліше болады. Иілудің түріне сәлем берген кісінің қоғамдағы орны, ортасында құрметтілігі әсер етеді. Сәлем алғанның да қоғамдық жағдайы иілудің түрін белгілейді. Иілу арқылы тек сәлем беріп, қоштасып қана емес, сондай-ақ рақмет, құттықтау айтады, тілек білдіреді, кешірім сұрайды...

Иілудің бірнеше түрлерін атап өтейік:

  1. Бас изеу, 5 градус. Басты бір рет изеу арқылы достармен амандасады. Сондай-ақ қоғамдағы орны жоғарырақ кісі басқаларға баз изеу арқылы амандасып, қош айтысады.
  2. Сәлемдесу - эсяку 会釈, 15 градус. Бұлай қоғамдағы жағдайы бірдей кісілер амандасады. Олар жақсы таныс болғанмен, жай бас изей сала алмайды.
  3. Құрметпен иілу - кэйрэй 敬礼, 30 градус. Бұл иілу түрі жасы не жағдайы жоғары кісімен амандасқанда қолданылады. Мысалға бастықпен не ұстазбен. Құрметті көрсету үшін, 30 градустан да төмен иілсе болады.
  4. Ең жоғарға құрмет иілуі - сайкэйрэй 最敬礼, 45 градус. Бұндай иілу түрі кешірім сұрау үшін, не патшаға қолданылады. Алайды мұндай иілу түрін жиі қолдана бермейді.

Егер бір күні жолыңыз Жапонияға тартып, осы керемет елге аттансаңыз, жапондықтар сізді шетелдік деп, иілгеніңізді күтпейді. Алайда дәстүрмен жақсы таныс екеніңізді көрсетсеңіз, олардың көңілінен шығатыныңыз рас. Адамның қоғамдық дәрежесін анықтау қиын болса, 30 градусқа иіліңіз. Бұл сіздің тарапыңыздан құрметті көрсетеді. Иілуіңіз табиғи көрініп, ойнақы болмау керек. Ал дүкен, мейрамхана, қонақ үй сынды жерлердегі қызмет көрсететін кісілерге иілу міндетті емес, олар бұл қызметтері үшін ақша алады. Алайда тәрбиеңізді көрсетіп, бас изесеңіз болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

3646 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 қазан 2012, 14:12
Пікірлер
+0
22 қазан 2012, 14:36

жақсы нәрсе екен

+0
22 қазан 2012, 16:20

Қызық екен. Мен мұндай қыр-сыларын білмеген екенмін

+0
22 қазан 2012, 18:52

қызық, бізде келіндер иліп амандасадыго үлкендерге)))

+0
22 қазан 2012, 22:00

:lol: :lol: :lol: :lol: сонда 1 - 2 градус артық кетсе не болады амандасудан бас тартады ма №

+0
29 қазан 2012, 14:28

Бұрындары осындай әдет бар болатын. Қазір көп иілмеймін. Әдетте өзімде байқамаймын иілгенімді. Бірақ ұстаздарым көргенде күледі қытайсың ба деп. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев