Акита-ину (Хатико) – адамның адал серігі

Акита-ину (Хатико) – адамның адал серігі
Фото: google.com

Жапон елі дегенді естігенде ойға бірден орала кететін бірнеше атаулар, оқиғалар, тұлғалар бар. Хатико, Ахико, самурай, Токио, Форсаж 3, аниме мультфильмдері. Қарапайым қазақ қоғамында санаға жатталған негізгі жапон естеліктері осылар. Соңғы жазған 4 естелік бір төбе, Хатиконың оқиғасы бір төбе. Көзге еріксіз жас әкелген осы бір иттің тұқымы жайлы әңгіме өрбітпекпіз.

Жапонияның солтүстігінде Акита деп аталын мекен бар. 1600 жылдардағы естеліктерге көз жүгіртсек осы аймақта Хатико тұқымдастарының алғашқы түрлері кездеседі. Акита аңғарында тіршілік етіп жатқан бұл жануардың тұқымы сол мекеннің атына сәйкестендіріліп Акита-ину деп аталған. Яғни, Хатико Акита-ину тұқымына жатады. Акиталардың қорқыныш сезімі нашар дамыған. Олар әр қимылды анық қадаммен жасайды. Адамға өте адал және өзіне сенімді ит. Қарапайым иттерге қарағанда Акитаның көп нәрседен қорықпайтынын білетін ғалымдар оның осы қасиетін сынақтан өткізіп көрді.

Лондон жануарлар бағындағы жолбарыс белгісіз себеппен өліп қалады. Суматра атты кішкентай күшік анасы өлгеннен кейін қараусыз қалған. Жануарлар бағының қызметкерлері осы кезде күшікті асырау үшін барын салды. Оған табиғи сүт беру керек. Нәтижесінде күшікті емізу үшін Акита итінің аналығы таңдалынады. Осылайша, Акита жыртқышты табиғи сүтпен асырап, өз миссиясын толықтай орындайды.

Акита Америкада да зор танымалдыққа ие. Тіпті, америка акитасы деген жаңа тұқым пайда болған. Ал, бұл құрлыққа жапониялық итті алып келген – Хелен Келлер. Жапонияға келген Хелен Сибуя деп аталатын бекеттегі Хатиконың мүсінін көріп, жергілікті тұрғындардан ол жайлы оқиғаны естіп ерекше әсер алады. Осыдан кейін, дәл Акита тұқымдас күшікті сатып алып, оны Америкаға ала кетеді. Бірақ, АҚШ-қа келген күшік ауырып, көп уақыт өтпей өліп қалады. Мұны естіген жапониялықтар әлгі күшіктің ұяласын қайтадан жіберіп Хеленді тағы қуантыпты. Бұл Америкадағы алғашқы Акита тұқымдас ит еді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапониядағы АҚШ әскері 1956 жылдары елге қайта бастады. Сол мезгілде қайтып бара жатқан Америка жауынгерлері Акитаның бірнешеуін өздерімен ала кеткен. Содан бері АҚШ-та да Акита саны көбейіп кетті.

Акитаның әлемге тарауына, танылуына америкалықтар көп еңбек сіңірді. 1987 жылы Хатико жайлы жапониялықтар «Хатико тарихы» деген көркемфильм түсірді. Бірақ, бұл киноның көрермені тек жапондарды ғана қамтыды. 2009 жылы Америка киногерлері осы фильмнің негізінде оны қайта өңдеп, «Хатико» фильмін әлемге таратты. Содан бері Акита тұқымдас Хатиконы әлем танып, көздеріне бір жас алды.

А. Қажиев