Адамның досы да ән салады

Адамның досы да ән салады
Фото: google.com

Ит жылы кірісімен осы бір жануар жайлы жазылған мақаланың саны артуда. Итті жеті қазынаның қатарына қосқан – қазақ. Итің ұры десе намыстанатын – қазақ. Итті босағадан аттатпайтын да, бұзық баласына «иттің баласы» деп ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығып балағаттайтын да қазекең. Ал, әлем бұл үй жануарына қандай көзқараспен қарайды?

Айқайлап тұрған тақырыбымыз айқайлап ән айтатын Папуа Жаңа Гвинеядағы үй жануары жайлы. Ит деген жануардың өзін үй жануары деп сипаттағанымызбен түзде өмір сүретін жабайы иттер де бар. Жаңа Гвинеядағы жануардың бұл түрі орманды аймақта топтасып өмір сүреді. Түзде өмір сүргенімен түз тағысымен ешқандай байланысы жоқ. Қаны таза иттікі. Олар осыдан 30 мың жыл бұрын пайда болды деген деректер кездеседі. Ал, бір зерттеудің нәтижесі бойынша «Тас дәуірі иті» деген лақап атқа ие болған. Иттің бұл түрін ең алғашқы рет 1957 жылы Эдвард Хострен тауып, оны Австралия зоопаркіне өткізген.

Бұл жануардың біздің иттерден өзгеше ерекше қасиеттері бар. Олар мысық сияқты талға секіріп, өрмелей алады. Жауынан қорғану кезінде осы тәсілді қолданып, талдың басына шығып кетеді екен. Сонымен қатар, оның мойыны 360 градуска толық бұрылады. Орташа есеппен 15-20 жыл өмір сүреді. Ал, ең қызығы ол ерекше үн шығарады екен. Қазақ "ит ұлыса жамандық болады" деп ырымдайды. Ұлығаны ерекше деп әлем осы итті құрметтейді екен.

А. Қажиев