Құмар ойынға құмартқандар жайлы

Құмар ойынға құмартқандар жайлы
Фото: google.com

ХІХ ғасырдың аяғында АҚШ-та «Бірқолды баскесер» ойын автоматы танымал бола бастады. Дәл осы уақытта Америка басшылығы ақша тігіп ойнайтын барлық құмар ойындарды ойнауға тыйым салды. Осы жағдайға байланысты 1910 жылы Bell-Fruit Gum компаниясы құйтырқы айла ойлап тапты. Олар жаңадан ойын автоматын шығарып, ол құрылғыны айналдырған сайын ұтысқа арзан сағыз беріп отырды. Бұрынғы автоматтардағы жазуларды өшіріп, олардың орнына сағыздың дәмін кіргізетін көкеністер қойды. Құрылғыда барлық жемістің суреті бірдей шықса, қаржылай ұтысқа ие болу бақыты бұйырады.

Букмекерлік орталықтарда ат спортына тігетіндер үшін ақпарат. Егер жылқының лақап аты 18 әріптен асатын болса, оның ұтысына тіккендер жеңіліске ұшырайды.

1950 жылы Las Vegas Desert Inn ойынханасында қарапайым теңізші 27 рет қатарынан ұтысқа ие болды. Ұтысының барлығы 268 миллион долларға жеткен теңізші тек 750 долларды алып үйіне қайтыпты. Дәл осы ойынханадағы теңізшінің қомақты қаржыға ие болған ойын үстелі әйнекпен қоршалып, осы ұтыс жайлы жазулы тұр.

Орташа есеппен Лас Вегастағы 1 ойын автоматына 8 адамнан келеді.

Статитикалық мәліметтерге сүйенсек, Невада штатындағы әрбір тұрғын құмар ойынға беріліп, жылына 846 доллар ұтылады екен.

Эскимостар арасында құмар ойын ойнайтындар мүлде жоқ.

Ал, 1 ойында 5 миллион доллар ұтылған америкалық миллионер ең қомақты соммада ұтылған ойыншы ретінде әлемдік рекордты жаңартқан.

2015 жылы Дубайда өткен лоторея ойынында қазақстандық азамат миллион доллар ұтысқа ие болды. Лотореяның 198-тиражында 0529 деген билетпен жеңіске жеткен қазақстандық ойынның ақтық рәсіміне қатыспапты.

А. Қажиев