Ниагара сарқырамасы мұзға айналды

Ниагара сарқырамасы мұзға айналды
Фото: vk.com

Солтүстік Америкада болған қатты аяз салдарынан Ниагара сарқырамасы қатып қалды.

Бір аптадан астам уақыттан бері Ниагара аймағындағы температура 15 градустан жоғары көтерілмеген. Бұл аталған аймақтың орташа көрсеткіштері деңгейінен әлдеқайда төмен және соңғы 57 жылда орын алып отырған рекордтық төмен температура ретінде тіркелді. Судың өзі ағымын тоқтатпаған, бірақ «су шаңының» үстіңгі бөлігі мұзбен қапталған.

Ақпарат көздері мәліметтеріне сенетін болсақ, сарқырама осыған дейін 1848, 1912, 2014 жылдары қатқан екен. Ал 2015 жылы ол ішінара мұзға айналған. Бір қызығы, оқиға орнында түсірілген фотосуреттер туристер легін арттырып отыр.

А. Оралқызы