Адамдар бір ғасыр бұрын қазіргі күнді қалай елестеткен?

Біз үнемі болашақ туралы ойлаймыз. Оның қандай болатыны әркімді де алаңдататыны анық. Жер шарындағы барлық мемлекет те болашақтың жарқын болуы жолында түрлі мақсаттар қойып, соған жету жоспарларын құрады. Ал, бұрын қалай еді? Өткен заманның адамдары да болашақты елестетіп, армандаған ба?

Әрине! Оған мысал да жоқ емес. Ғаламторда Hildebrands аталатын германиялық шоколад компаниясының 1900 жылы шығарған сувенир құттықтау қағаздары пайда болды. Ондағы суреттерде 2000 жылдардың қандай болатыны бейнеленген екен. Бір қызығы, 100 жылдан астам уақыт бұрын бүгінгі күнді тым фантастикалық қалыпта көргенге ұқсайды.

Суреттерге қарап отырсаңыз, адамзат осы күнге дейін қол жеткізген дүниелерден бөлек, әлі қолданысқа түспеген ғажайып заттарға дейін көрсетілген.