Кондитерлер алқызыл шоколад ойлап тапты

Кондитерлер алқызыл шоколад ойлап тапты
Фото: vk.com

Швейцариялық Barry Callebaut маркасының кондитерлері алқызыл шоколад ойлап тапты. Швейцариялық Barry Callebaut брендінің құрылғанына 100 жылға жуық уақыт болған.

Тәттінің жаңа сорты Ruby деп аталады. Алғашында адамзатқа тек қоңыр түсті шоколад түрі ғана белгілі болған болса, 1930 жылы кондитерлер ақ шоколадты ойлап тапқан еді. Енді алқызыл шоколадтың пайда болуы аталған сферадағы екінші жаңалық болып отыр.

Ruby шоколадының дәмі жеміс-жидектен құралған миксті еске салады. Ал, рубин тасындай алқызыл түсті оған какао бұршақтары (какао-бобы) береді. Бір жақсысы, бұл шоколадты жасауға ешқандай арнайы бояғыш қоспалар қолданылмаған. 

А. Оралқызы