Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Шықшы тауға, қарашы кең далаға...

Шықшы тауға, қарашы кең далаға...

Шықшы тауға, қарашы кең далаға...

Асқар шыңдарға шығып, төмендегі әлемге көз жүгірткен сәттегі әсерді ешбір сезіммен салыстыра алмайсыз. Бүкіл әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күйге бөленесіз. Бар қайғыңыз бен мұңыңызды ұмытып, көңіліңіз көтеріліп сала береді. Күллі әлемнің қожайыны болғыңыз келіп, жаһанға жар салғыңыз келеді. Мұндай айтып жеткізе алмастай сезімді басыңыздан бұрын-соңды өткеріп көрдіңіз бе? Жоқ?!

Олай болса, барлық жұмысыңызды ысырып қойыңыз да, әлемнің ең биік алаңқайлары туралы жазбамызды мұхият оқып шығыңыз.

Бес саусақ – Австрияның аты аңызға айналған алаңқайы. Алаңға шығу тегін. Мұнда тұрып Альпі тауларының керемет көрінісінің куәгері бола аласыз.

Aurland Lookout атты 640 метр биіктікте орналасқан алаңқайдың шыңына көтерілу көптеген адамдардың қолжетпес арманы болып саналады. Орланд қаласының жоғары жағында орналасқан алаңқайға ағаш көпір арқылы көтерілесіз.

Эгюий-дю-Миди арқандық жолының станциясында орналасқан айлақтық платформаға шыға қалсаңыз, Табиғат-Ананың сұлулығына еріксіз бас иесіз. Әсіресе, Франциядағы Шамони жазықтығының көрінісі ерекшеленіп тұрады.

Grand Canyon Skywalk – әйнек едені бар алаңқай Гранд шатқалында ілініп тұр. Бұл еденмен жүру кәдімгідей ерлікті талап етеді.

AlpspiX алаңы жүйке жүйесі нашарлаған адамдарға арналмаған. Аса үлкен емес, екі тақтайша 2.628 м биіктікте ілініп тұр. Алаңға шығар болсаңыз, «Тозақ жазықтығын» тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Штубай мұздығының сұлулығын тамашалағыңыз келсе, Top of Tyrol алаңына көтерілуіңізге тура келеді. Алаң 3210 м биіктікте орналасқан.

Суреттер:fotolife-me.livejournal.com,

listphobia.com,merkur-online.de,kovinov.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6592 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 қазан 2012, 18:27
Пікірлер
+0
09 қазан 2012, 20:05

биiктен коркам!

+0
10 қазан 2012, 09:12

уау, вот экстрим

+0
10 қазан 2012, 09:24

мен тіпті 9-шы қабаттан жерге қарауға жүрексініп тұрамын, мынаған шықсам,жүрегім жарылып кететін сияқты :lol:

+0
10 қазан 2012, 16:54

мынаған шықсаң қызық шығар ә, құлап кеткісі келетін идиоттар көп бірақ

+0
10 қазан 2012, 23:13

Шығайықшы тауға, қарайықшы кең далаға дегім кеп тұр кімге болса да :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...