"Ояну" – Жер шары туралы ең әдемі деректі фильм

"Ояну" – Жер шары туралы ең әдемі деректі фильм
Фото: vk.com

Жуырда Жер шары туралы ең әдемі деректі фильм жарыққа шығады. "Ояну" аталатын картина авторы – режиссер Том Лоу. "Ең" екенін трейлерінен-ақ байқауға болады. Оның үстіне, режиссер көмекшісі ретінде 3 мәрте "Оскар"  номинанты және "Алтын пальма" иегері Терренс Малик таңдалған. Ал, франциялық M83 тобы картинаға арнап музыка жазды.

"Ояну" деректі фильмін түсіруге Лоу бес жыл өмірін арнаған. Түсірілім әлемнің 30 елінде жүргізілді. Режиссер мақсаты – "адамзаттың технологияларға және табиғатқа деген қарым-қатынасын " зерттеу. Фильм премьерасы 2018 жылы болады. 

А. Оралқызы