Рига полициясы торғайды қызметке қабылдады

Рига полициясы торғайды қызметке қабылдады
Фото: vk.com

Рига полициясы қызметке жауторғайды қабылдағанын жариялады. Бұл туралы ақпарат дүйсенбі күні Рига думасының ресми сайтында пайда болды. Жаңадан қызметке алынған жауторғайға кіші инспектор атағы берілген.

Әзірге торғайдың аты мен оның нақты қандай міндеттер атқаратыны туралы ақпарат айтылмай отыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кіші инспектор торғай бандалық топқа жасырын енгізілмек екен.

Бұл соншалықты тансық жағдай емес. Осыған дейін де жануарлардың полиция қызметіне қабылданған жағдайлары белгілі. Мысалы, Жаңа Зеландия полициясы мереке кездерінде көлік жүргізушілеріне өте мұқият болу керек екенін теңіз шошқасының көмегі  арқылы  еске салып отырған. Әсіресе, жаяу жүргіншілер мен балалар көп жүретін жерлерде аса сақтық қажет.

Ал, Аризона штатындағы полиция департаменті есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтарды анықтаушы қызметкерлер қатарына Айро есімді кесірткені қабылдаған болатын. Мамандардың айтуынша, кесірткелердің иіс сезу қабілеті өте жоғары және арнайы үйретілген иттерге қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетеді екен.

А. Оралқызы