Климат өзгерісі

Климат өзгерісі
Фото: o-planete.ru

Біз қазіргі заманға сай өмір сүру үшін тамақ, жанар-жағармай, электр энергиясын қажет етеміз. Алайда біздің қуат өндіруіміз жерге зиянын тигізіп жатыр. Бұдан шығатын жол бар ма? Климаттың өзгеруі – миф, дақпырт немесе ғалымдар арасындағы құпия келісім емес, келелі мәселе. Сенбесеңіз, мына деректерді оқып көріңіз.

Мұздар қайда кетті?

Cobbing_196U3166

Арктика күрт жылынып, оның мұз қабаты жұқарып, азайып барады (төмендегі графада). Күн сәулесі мұзға шағылысып, аспанға қайтудың орнына күңгірт мұхитқа жұтылатындықтан жылыну үдерісі жылдамдай түсті. Судың ішінде еріген теңіз мұзы оның деңгейін көтермейді, алайда жердегі мұздың еруі әсер етеді. Әлем бойынша тау мұздықтары да кеміп келеді. 1900 жылдан бері жалпы теңіз деңгейі­нің 20-23 см-ге көтерілуі жағалаулардағы су тас­қынының күрт көбеюіне себеп болып отыр. Мәселен, «Сәнди» дүлей дауылы кезінде су тас­қыны мен жел АҚШ-тың шығыс жағалауына 68 миллиард доллар көлемінде зиян тигізді.

Ең басты қауіп – Гренландия мен Антарктиданы басып жатқан мұз қабаттары. Ондағы мұздықтар теңіз деңгейін 70 метрге дейін көтеруге жеткілікті һәм бірте-бірте еріп жатыр. 125 000 жыл бұрын, жер сәл жылы болған кезде, ондағы мұз қабатының көбі еріген сыңайлы: теңіз деңгейі 6 не 7 метрге жоғары болыпты. Қазіргі таңда мұндай биіктікте жағалаудағы қалалар су астында қалады.

Арктика «арықтап» барады

Арктика қыс сайын қатқанымен, жазда оның көп бөлігі еріп кетеді. Қыркүйекте мұзды аймақтың көлемі бірден азаяды.

ьфааыва

ДЕРЕККӨЗ: ҰЛТТЫҚ ҚАР ЖӘНЕ МҰЗ ДЕРЕГІ ОРТАЛЫҒЫ

Мұздықтар тез еріп барады

Қызыл киімді зерттеуші Гренландия­ның еріген суын бағдарлап жүр (жоғарыда): 2002 жылдан бері Гренландия жылына орташа есеппен 287 млрд.² тонна мұз жоғалтуда. Антарктидада да жағдай мәз емес. Батыс Антарктика мұз қабатының көп бөлігі теңіз қайраңына орныққан. 144 шақ.² айсберг мұз тақталары (оң жақта) жылы мұхитта мүжіліп жатыр. Теңіз деңгейін жарты метрден аса көтеретін мұздық опырылуы ғасырларға созылуы мүмкін. Бәлкім, он шақты жылға ғана…

LC80011132015307LGN00_432_NOV-2015

2015

2016

2016

МАЙК ТЭЙЛОР, НАСА/USGS LANDSAT 8 СУРЕТТЕРІ

Бәрі өзгеріп барады

GettyImages-496087186

Климаттың өзгеруі әбден мүмкін. Ал ыстық толқындар ондай мүмкіндікті еселеп жібереді. 2003 жылы Еуропада 70 000-ға жуық адамға ажал құштырған аптап ыстық толқындары 500 жылда бір рет қайталанып отыратын-ды, ал өткен жылы жарияланған зерттеуге сәйкес, қазіргі жаһандық жылыну деңгейінде мұндай жағдай 40 жылда бір келеді екен. Ол зерттеу 2003 жылы климаттың өзгеруі Парижде 500-ден астам адамның өліміне себеп болғанын анықтаған. Тағы бір соңғы зерттеу егер мұндай ыстық назардан тыс қала берсе, осы ғасырдың соңына таман Парсы шығанағы елдерінің халқы жан шыдатпас ыстыққа тап болуы ықтималдығын айтады.

Мәселе ыстықта ғана емес. Жаһандық жылыну құрлық пен мұхиттың ылғалын ­ау­аға ұшырады. Жаңбыр аз жауатын аймақта қуаңшылық одан бетер күшейіп кетеді. Ал жаңбыр немесе қар жауса, шамадан тыс көп түсуі мүмкін. Мәселен, Париж не Хьюстондағы 2016 жылғы су тас­қынын еске алыңыз.

Өзгеше апаттар

Жалпы, жер сілкінісі секілді геологиялық зұлматтың саны бір қалыпты, ал климат өзгеруі әсерінен болған, апаттар көбейіп келеді.

Ресурс-2@300x-100

Өзгерісті қалаймыз

Миллиондарды елінен бостырып, жүз мыңдаған адамның өліміне әкеп соқтырған Сириядағы азамат соғысына фермерлерді қалаға тықсырған тарихи қуаңшылықтың  да ішінара әсері бар. 2015 жылғы зерттеуге сүйенсек, климаттың өзгеруі ондай қуаңшылық қиындығын екі еселеді. Боливияның үлкендігі жөнінен екінші көлі Поопоның (оң шақ шетте) кеуіп кетуіне құрғақшылық пен суды бұрып алу сеп болды. Нью Йорк Сити секілді жерлерде көп судың ауаға булануы қалың қардың жаууына түрткі.

ДЖОШ ХАНЕР, NEW YORK TIMES/REDUX

ДЖОШ ХАНЕР, NEW YORK TIMES/REDUX

ДЖОШ ХАНЕР, NEW YORK TIMES/REDUX

ДЖОШ ХАНЕР, NEW YORK TIMES/REDUX

Қатер жағадан алды

Souder_NWBP4966

Климаттың өзгеруі Арктиканың танымал жырт­қышы – ақ аюға орасан зиян тигізді. Ғалымдар 2016 жылы соңғы рифтік мозаикалы құйрықты тышқан түрі, Аустралиядағы Торрес бұғазынан төмен орналасқан аралдан табылған егеуқұйрық тектес кеміргіштің теңіз деңгейінің жоғарылауы салдарынан жоғалып кеткенін мәлімдеді. Бұл – климат өзгеруі нәтижесінде жоғалған сүтқоректі ретінде алғаш тіркелген оқиға. Мұның тоқтамасы анық (төмендегі диаграмма).

Температураның жоғарылауы кейбір өсім­діктер мен жан-жануарлар тобына қысым көр­­­сетіп, оларды полюстерге ығыстырып, миграциясы мен мінез-құлқын өзгертіп отыр. Антарктика түбегіндегі Аделие пингвиндерінің саны күрт азайып кетті. Исланд құмы деп аталатын Арктика жағажай құсының дене тұрқы кішірейіп барады. Мұздың еруінен мыңдаған морж Аляскаға қоныс аударып жатыр. Бүкіл өлке өзгеріске ұшырады: Сеңгір тауларынан бастап швейцариялық Альпіге дейінгі биік таулы аймақтың альпілік ­экожүйесі шыңына дейін қысқарды.

Жеңімпаздар да табылады. Қазіргі таңда өркешті киттер Антарктиданың жақында мұзы кеткен суларында өсіп-өніп келеді. Теңіз кірпілері де тез аяққа тұратынын көрсетті. Кей жануарлар ортаның қатты өзгерістеріне бейімделеді, алайда қаншасы және қашанға дейін?

47% – 2016 жылы зерттеуде тексерілген 976 түрдің осынша бөлігі бұрын мекен еткен аймақтан жойылып кетті. Бұл бірнеше мекендеушілер арасында кездеседі және олардың климат өзгерісіне бейімделе алмағаны айтылады. Жануарлар өсімдіктерге қарағанда жергілікті жойылудан көбірек зардап шегеді.

1-де 6 – климат 4°C-тан аса жылынатын болса, алты түрдің біреуіне жойылып кету қаупі төнеді. 2015 жылғы зерттеуге сәйкес, егер біз залалды заттар шығарылымын азайтпасақ, мұндай жағдай 2100 жылы болуы мүмкін. Оңт. Америка мен Ж.Зеландия секілді биологиялық бай аймақтар көбірек зиян шегеді.

Жасанды сұрыпталу

2017 жылғы АҚШ үкіметінің баяндамасында «парникті газдар 2050-ге қарай ақ аюлардың жаппай қоныс аударуының негізгі себебі болады» делінген. Осы орайда, 2016 жылы Үлкен тосқауыл рифі маржандардың рекордтық жойылуына тап болды. Ұзаққа созылған түссіздену 700 шақырымға созылған маржандардың шамамен 67 пайызының жоғалуына әкелді. 21 наурыз (оң жақта) және 15 мамыр (оң жақ шетте) аралығында жылы су Лизард аралындағы маржан топтарынан түк қалдырған жоқ.

Lizard_LoomisGH4Site02_160321_align

ДЖЕФФ ОРЛОВСКИ, ЭКСПОЗИЦИЯ ЗЕРТХАНАСЫ, CHASING CORAL

ДЖЕФФ ОРЛОВСКИ, ЭКСПОЗИЦИЯ ЗЕРТХАНАСЫ, CHASING CORAL

Біз оған қарсы тұрамыз

IM2016100009WP_300dpi

Еркін нарықтың тиімділігі жиі мақталып жатады. Қазіргі байланыс дәуірінде еркін ойдың нарығы секілді нәрсе бар. Ендеше, өзіңізден сұраңыз: егер климат өзгеруі айтарлықтай қауіпті болмаса, 195 мемлекет жылынуды 2°C-тен төмен ұстап тұру туралы Париж келісіміне қол қояр ма еді?

АҚШ-тың жаңа билігінің бұдан бас тарту туралы дөңайбатының көлеңкесі түскеніне қарамастан, бұл келісім медеу тұтар белгі ретінде қала береді. Төмендегі кестеде тағы бір белгі көрсетілген: күн қуатын алу арзандап келеді. Жаңғыртылмалы энергия таяуда тоқтың арзан көзі болуы мүмкін. АҚШ-та күн қуатын өндіруге жұмылдырған адамдар саны көмір, мұнай мен газ саласында қоса жұмыс істейтіндерден көп.

Қазба отыннан бас тарту енді қарқын алып келеді. Әр бөлік маңызды: 2016 жылғы зерттеу біз пайдаланған көмірқышқыл газының әр тоннасы Арктиканың 3 шаршы метр мұзын ерітетінін айтады, яғни орта есеппен әр америкалыққа жылына 49 шаршы метрден келеді. Алайда әлем көмірқышқыл газынан таза қуатқа ауыспайынша, олардың ешқайсысы көп пайда әкеле алмайды.

Таза қуат арзандай түсті

Күн тоғы панельдерінің сатылымы күрт көбейген сайын оның құны технологиялық даму мен қарқынды үнемдеу нәтижесінде тез арзандай бастады.

Ресурс-1@300x-100

Бір мәселе, көп шешім

Мароккодағы Тарфаяға (жоғарыда) таяу маңдағы 300 мегаваттық жел диірмені көміртегі дәуірінің бір бөлігінен секіріп өтуге мүмкіндік береді. Алайда жел және күн қуатын өндіру көп ауданды қажет етеді, сондықтан Жапонияда күн панельдерін су қоймалары (оң жақта) мен шатырларға қояды. Атом стансалары азырақ аумақты қолданып, 24/7 жұмыс істесе де, қауіпсіздік пен қоқыс мәселесі бар. Джорджияда Вогтль АЭС-сының екі реакторы (оң жақ шетте). 1979 жылғы апаттан кейін салынып жатыр.

Дереккөз: nationalgeographic.kz

Г. Берік