Ғарышты қоқыстан тазарту керек – ғалымдар

Ғарышты қоқыстан тазарту керек – ғалымдар
Фото: judgesuhov

Ғалымдар соңғы жылдары ғарыштағы металл қалдықтарынан пайда болған қоқыстарды жою мәселесіне бас қатырып келеді. Егер ғарышты ол қоқыстардан тазартпаса, бұл саланың дамуына едәуір кедергі келтіреді екен.

- Ғарыш дәуірінің дамуымен көкке зымырандар толассыз ұшырылып келеді. Оның қаншамасы жарамсыз болып қалған. Бір-бірімен соқтығысып, ғарыштағы қоқыстарды арттыруда. Ал ол қоқыстар жаңа жер серіктерінің ұшуы мен ғарышта олардың қызмет жасауына кедергі болуы мүмкін. Кішкентай металл қалдығының өзі жер серігіне айтарлықтай ақау түсіруі, жарамсыз етуі ықтимал. Мұның соңы үлкен шығынға ұшыратады. Сондықтан да ғарышты қоқыстан тазарту керек, - дейді ғалымдар.

Қазіргі таңда ғарышты қоқыстан тазарту жайлы көптеген жобалар дайындалуда. Дегенмен ғалымдар бірауыздан мақұлдап, тиімді саналатын жоба әлі әзірлене қоймапты. 

Ө. Сансызбай