NASA Уран ғаламшарына саяхат жасамақ

NASA Уран ғаламшарына саяхат жасамақ
Фото: vk.com

NASA ғарыштық агенттігі 2034 және 2036 жылдар аралығында Уран ғаламшарына саяхат жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл – алдағы онжылдыққа қойылған үлкен мақсаттардың бірі. Аталған миссия жүзеге асырылғаннан кейінгі нысан Нептун ғаламшары болмақ.

"Уранға ұшу 2034 мен 2036 жылдар аралығына жоспарланып отыр. Бірақ 30-жылдары Нептунға Юпитердің гравитациясы көмегінсіз аттану мүмкін болмайды. Сондықтан бұл жоспар 40-жылдарға шегеріліп отыр. 2041 жылы мұндай мүмкіндікті қалт жібермейтін боламыз", - дейді Марк Хофштадтер есімді Nasa зерттеушісі.

Уранға саяхат жасау Жер шары межесімен 14 жылды алады. Оған 3 орбитальды аппарат жіберіледі.

Уран — Күн жүйесіндегі жетінші ғаламшар. Нептун екеуі мұзды гигант болып есептеледі. 

А. Оралқызы