Антарктикадан салынғанына 118 жыл болған картина табылды

Антарктикадан салынғанына 118 жыл болған картина табылды
Фото: vk.com

Антарктика мұрасы қоры  1912  жылы Оңтүстік Полюске жасалған экспедиция кезінде қаза тапқан Эдвард Уилсон есімді британиялық зерттеушінің  суретін тапты.

Адэр мүйісіндегі лашықтан табылған картина  1899 жылы салынған. Сызба шаңның астында қалғандықтан бірден көзге түспеген.

Эдвард Уилсон капитан Роберт Скоттпен бірге екі полярлық  экспедицияға қатысқан. Олардың біріншісі 1901 мен 1904 жылдар аралығында өтсе, «Терра нова», яғни, екіншісі 1910 жылы басталған. 1912 жылы Оңтүстікке аттанған зерттеушілер тобы қайтар жолда қаза тапқан.

А. Оралқызы