Сәтсіздіктер мұражайы туралы естіп пе едіңіз?

Сәтсіздіктер мұражайы туралы естіп пе едіңіз?
Фото: vk.com

Осы айдың алғашқы аптасында Швецияның оңтүстігіндегі Хельсингборг қаласында Сәтсіздіктер мұражайы (Museum of Failure) ашылды.

Мұражайдың атауы айтып тұрғандай оған қоғамда қолданылмайтын өнімдер қойылған.

"Өз сәтсіздігін жайып салу, ақымақ сұрақтар қою, шын мәнісінде, кез келгеннің қолынан келмейтін іс", –дейді мұражай кураторы, 43  жылдық тәжірибесі бар клиникалық психолог Сэмюэл Уэст. Бұрын-соңды баламасы болмаған мұндай көрме адамдарды қателік жасаудан қорықпауға үйретуді мақсат тұтады.

Көрме 450 шаршы метр жерді алып тұр және онда 51 экспонат ұсынылған. Олардың әрқайсысы да тарихта теңдесі жоқ керемет инновация болуы керек еді. Бірақ... Соңғы нүктесі Сәтсіздіктер мұражайы болды.

Мұнда Google Glass,  Nokia N-Gage, тіпті, Apple Newton секілді танымал компания өнімдері де бар. Көрмеден техникадан бөлек ит тілін түсіндіретін аудармашы секілді ойға қонымсыз дүниелерді де көруге болады. 

Куратор бірнеше жыл бойы жетістік пен сәтсіздіктің психологиялық құпиясын зерттеумен айналысқан. Соңында осы көрмені ашуға бел буыпты. 

А. Оралқызы