257 жылдық тарихы бар бояу кітапшасы табылды

257 жылдық тарихы бар бояу кітапшасы табылды
Фото: vk.com

Біз бояу кітапшасын үнемі баланың ермегіне балаймыз. Бірақ, ол о бастан ересектерге арналып ойлап табылған. Күні кеше ғана Миссури штатының ботаникалық бағының қорына енген 257 жылдық бояу кітапшасы бұған дәлел бола алады.

"Флорист" кітабының екі нұсқасы Британия өнері орталығында сақталып тұр. Оның тағы бір үлгісін куратор Эми Пул тауып алған. Пул ханым тапқан "Ботаникалық иллюстрациялар тарихы" бояу кітапшасы 1760 жылы шыққан екен.

"Флорист" оқырманды өсімдік атаулысын табиғат заңдылықтарына сүйене отырып бояуға үйретеді. Бұл өте сирек олжа болып есептеледі. Қазір сарапшылар оның электронды нұсқасын жасаумен айналысып жатыр. 

А. Оралқызы