Атжалмандар тұратын қала

Атжалмандар тұратын қала
Фото: Вконтакте

Жан-жануар мен адамдардың арасындағы айырмашылық ақыл мен ес болмаса, екеуінің кей кездері өмір сүру заңдылықтары бірдей. Екеуі тамақтанады, тұратын пана іздейді, ұрпақ таратады және сол үшін күреседі, екеуі де өледі. Дегенмен ақылмен жұмыс жасайтын адам бәрін өзіне ыңғайлы етіп жасауға тырысады. Сондықтан болар олардың жануарларға қарағанда өзгеше өмір сүруі.

Атжалмандар – тышқан тәрізді жорғалаушы жануарлардың өкілі. Қазақ ұғымында тышқан тектес жануарларға аса мән берілмейді. Себебі оларды біз егіннің, жемістің жауы дейміз. Ал шет елде мүлде басқаша түсінік. Төмендегі суреттерге қарап отырып, адамдардың жан-жануармен қандай байланысқа түсетінін көре аласыз.

Авторы белгісіз, бірақ өзінің туындысымен ерекше көзге түскен шет елдік азамат атжалмандарға арнап үй салып берген. Суреттер сөйлесін...

Атжалмандардың қаласы деуге де болады

Адамның ісіне таң қалмасқа бола ма?!

Қыс мезгілі де бар... Жаңа жылды да қарсы алуы ғажап емес!

Кешкі асқа дайындалып жатқан ана атжалман

Ас дайын болды!

Көшедегі көрініс

Атжалмандардың жатын бөлмесі.

Ең қызығы, аталған үйлер мен қалашықты салуға автордың 1984 сағаты кеткен. 

М. Ақан