Жануарлар патшалығы: еліктірер кадр, жанжал, жан жадыратар сәт

Жануарлар патшалығы: еліктірер кадр, жанжал, жан жадыратар сәт
Фото: fotorelax.ru

Жан-жануарлар да ерекше жаратылыс. Олар – қоршаған ортаның бір бөлшегі. Wim van den Heever (Претория, ОАР) есімді кәсіби фотографтың суреттері жабайы табиғатта мекен ететін жан-жануарлардың қызықты да қауіпті әрі күнделікті өмірін көрсетеді. Шеберлік деп осыны айтыңыз!

Азығыма жетуге аз қалды...

Ақ аюлардың шынайы айқасы немесе өзара ойыны екені белгісіз

Дельфиндер серфингін фотограф Вим құр жібермеді

Қырандар шоу жасап бергенге ұқсайды

Арыстан әдетте жыртқыш, ал мына жерде жемтік...

Мүйізтұмсық түнде су ішуге келді

Кәрі піл жазық даланың шаңын шығаруда

Алып киттің судан басын шығарған сәті

Кәрі арыстан азу тісін ақситты

Қабыланның айбат шегуі

Кішкене піл шалшыққа шомылғысы келген еді, оған басқалары көмекке келді

Бес бірдей жолбарыс су ішуде

Жолақ жылқылар (зебра) да ерекше жаратылыс 

Жемтікке сәл ғана қалды...

Ерекше көзқарас

Жабайы табиғатта тіршілік ету оңай емес

Ж. Жұмағұлов