Ғалымдар 14 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің келбетін қалпына келтірді

Ғалымдар 14 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелдің келбетін қалпына келтірді
Фото: planet-today.ru

Халықаралық тарихшылар мен палеонтолог мамандар тобының зерттеушілері 14 мың жыл бұрын Тайланд жерінде өмір сүрген әйелдің келбетін қалыпқа келтіріп, көпшілік назарына ұсынды. 

- Біз әйел адамдардың сүйегін ұзақ уақыт зерттедік. Бұл сүйектерді 2002 жылы археологтар Тайландтың солтүстік-батысындағы үңгірлердің бірінен тапқан. 14 мың жыл өтсе де адам сүйектері қатты бүлінбеген. Нәтижесінде арнайы технология көмегі арқылы олардың келбетін жасап шығуымызға мүмкіндік болды, - дейді жоба жетекшілері.

Ғалымдар Тайландтағы үңгірден табылған адам сүйектеріне 15 жылдай уақыт зерттеу жүргізген. Нәтижесінде 14 мың жыл бұрын әйел адамдардың жақ сүйектері шығыңқы, кеңсірігі жазық, көз қиығы бадам дәні тәрізді болған деген қорытындыға келген.  Шаштары қара түсті, бойы 152 сантиметрдей болған.

Ө. Сансызбай