Мұражай әрі қонақүй

Мұражай әрі қонақүй
Фото: news.waldorfastoria.com

Демалып әрі көне жәдігерлерді тамашалағысы келетін туристер қонақүй-мұражайларға жиі барады екен. Бүгінгі жазбамызға арқау болып отырған да – осы ғимараттар. Аспанмен таласқан, ерекше дизайнмен салынған қонақүйлерді тарихты арқалаған мұражай-қонақүйлер алмастырып келе жатқандай. Олай болса, алғашқы топтамасымен таныс болыңыздар.

Waldorf Astoria Монте-Марио дөңінде орналасқан қонақүй. Оның терезелерінен даланың көрінісі ерекше көрінеді. Ал мейрамханасы Мишлен жұлдыздарымен танымал. Ал оның мәдени, арт-топтамаларының құны 700 миллион АҚШ долларын құрайды.

Қонақүйде XVI-XX ғасыр аралығындағы мыңдаған жәдігер сақталған. Олардың қатарында Наполеонның ұлына тапсырыспен жасатқан бесігі бар. Ал қабырғада Энди Уорхол мен Роберт Индианның суреттері ілінген.

Waldorf Astoria-ның басқа да қонақүйлері құнды дүниелерге бай. Мысалы, бейжіңдік қонақүйде Қытай суретшілерінің 600 туындысы, ал берлиндік қонақүйінде Берлин көркемөнер академиясының түлектерінің 900 суреті бар.

Pulitzer қонақүйі – XVII-XVIII ғасырда Принцев каналының жағалауында бой көтерген жекелеген 25 үй. Қонақүйдің дизайнері Яку Стросс осы үйді өзгерту үшін 225 бөлмесінде ұйықтап шыққан. Қонақүй де, топтамалар да бастапқыда Пулитцер жанұясына тиесілі болған. Қазір иелері өзгерген, бірақ 2016 жылы қайта құрастырғаннан соң атауын сақтап қалған.

Art Collector’s Suite аталатын люксте қонақ өзін топтама жинаушы ретінде сезіне алады. Қабырғалар түгелге жуық суреттермен безендірілген. Әсіресе, голландтық Тьерри де Кромьердің «Бранч Халса» суреті ерекше көрінеді екен. Бұл сурет – үлкен Франс Халстың «Офицерлер отырысы» суретінің ремейкі. Тек ет пен шараптың орнында қазіргі тургерлер мен сыра бөтелкелері.

Сонымен қатар, қонақүйге келуші ежелгі жәдігер, суреттер немесе кітаптарға қызығатын болса, таңдауына сеніп бара алады.

The Collector’s Hotels – Бергтссон жанұясына тиесілі үш қонақүйдің Lord Nelson, Lady Hamilton және Victory Hotel ортақ атауы. Lord Nelson қонақүйінде теңізге байланысты жәдігерлер өте көп:  көне карталар, кемелердің нобайы, ескерткіш тиындар, компастар, адмирал Нельсонның шайқастағы көріністерін көрсететін кішкентай мүсіншелер, т.б.

Lady Hamilton қонақүйінде аты аталып тұрғандай нәзік жандылардың Тіркеу бөлмесінде қонақтарды Гамильтон ханымның ағаштан жасалған мүсіні күтіп алады.

Ал Victory Hotel қонақүйінде екі қонақүйге сыймаған дүниелер жинақталған. Бұл қонақүйдің ерекше жәдігері – әйнек витринадағы адмирал Нельсонның сүйіктісі Гамильтон ханымға жазған хаттары.

Г. Берік