Бұл қандай құс?

Бұл қандай құс?

Жануарлар әлемі – адамзаттың зерттеуінде келе жатқан үлкен бір ғылым. Олардың өмір сүруі, тіршілік етуі, қоректенуі, шығу тегі сынды зерттеулерді талап ететін деректер әлі күнге дейін жұмбақ. Тіпті кейбір жануарлардың бойынан адамға биологиялық ұқсастығы табылып жатады. Жануарлардың адамдардын айырмасы, олардың өздеріне тән тіршіліктері ғалымдардың қызығушылығын тудырып келеді. 

Таңғажайып жануарлардың бірі – трагопан. Трагопан – фазан құстарының қатарына жататын, азиялық құс. Түрінің ерекшелігіне қарай оған голландиялық зоолог К.Я.Темминканың есімі берілген. 

Жалпы сипаттамасы

Трагопан – ұзындығы 60 см болатын, қысқа құйрықты құс. Денесінде қара-ақ, сұр түс аралас дақтар бар. Тұмсық тұсы қара, тамақ асты көк түспен көмкерілген, кеудесі қоңыр түсті болып келеді.

Таралу аймағы

Трагопан 4600 метр биіктіктегі мәңгі жасыл ормандар мен таулы жерде өмір сүреді. Незігінен таралу аймағы – Тибет таулары. Орталық Қытай, Бутан, солтүстік-шығыс Үндістан, Бирме, Вьетнам ормандарында да кездеседі. 

Тіршілігі

Құстар күндіз қорек іздеп, түн баласы демалады. Олардың негізгі азық көзі: гүлдер, жемістер мен бамбук жаңғақшалары және жәндіктер.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?