Аянышты мысықтың артық айласы жоқ екен

Аянышты мысықтың артық айласы жоқ екен
Фото: fishki.net

Мейси есімді мысыққа бір қарасаңыз әлденеден өзін кінәлі сезініп жүргендей бейне байқайсыз. Алайда, бұл олай емес. Жануардың туғанынан бастап түрі өзге мысықтардан ерекше болған екен. Үйінде асырап жүрген иелері оған қараған сайын аяныш сезімі оянып, бар мейірімін төгуге дайын тұрады екен. Егер серуендеуге немесе өзімен бірге қалада алып жүрсе, көрген жандар таңғалып қарайды екен.

 Мысықтың негізгі тұқымы шотландиялық вислоуха. Американың Калифорния штатында мекендейтін жануардың қатты бір мұқтаж болардай ештеңесі жоқ. Иесінің айтуы бойынша егер мысығы білместікпен қателік жасап қойса, оны жазалаудың орнына қайта-қайта құшақтай береді екен. Себебі, мұндай бейкүнә мысыққа қарағанның өзі мейірімді болуға шақырады екен. Назарларыңызға көпті өзінің ғажап түрімен таңғалдырған Мейсидің фотоларын ұсынбақпыз.

 

  

B. ZHAQSYMBET