Таңғажайып саяхаттар мен саяхатшылар

Таңғажайып саяхаттар мен саяхатшылар

Әлемде сіз бен біз білмейтін қызықтар көп-ақ, алайда, саяхаттар туралы айрықша ақпараттардың орны ерекше. Өйткені, кім болмаса да, сәби шағында ертегі оқып, оған бойлау барасында ел танып, жер көрсем деген ой туып, қияли көңіл жас бала асыл арманын жұдырықтай жүрегінің түбінде сақтап өседі. Ал, есейе келе ересек өмірдің торынан шыға алмай қалып жатады. Сол бала арманды көңіл күйсандығында көмулі қалдырмай, Жер жаһанды аралап, өзін де, өзгені де мойындатқан жандар бар екен. Ендеше, саяхатсүйгіш батырлармен таныс болыңыз!

Ең қарт саяхатшы

Профессор Сабуро Шочи соңғы дәрістік сапарына аттанғанда 106 жаста болатын. Ол 6 елге  саяхат жасап, 56 700 шақырым қашықтықты бағындырған. Сабуро қарт жер шарын айнала саяхаттауда ең егде әлем шарлаушы ретінде танылды.

Ең ұзақ саяхат

Америкалық Рейд Стоув әлем мұхитында 1152 күн өткізген. Стоув мырза құрлықтарға тоқтамай өзінің «Энн» аталатын желкенді қайығында 80 мыңнан астам шақырым жол жүрген.

Антарктика арқылы велосипедпен жасалған ең ұзақ саяхат

Зертеуші Эрик Ларсон велосипедпен өзі нұсқаған нысаны, яғни, Оңтүстік Полюске жете алмады. Дегенмен, ол Антарктикада 340 миль жүріп өтуі негізінде рекорд жаңартқан батыр саяхатшы.

Велосипедпен жасалған ең тез саяхат

Джеймс Боуторп есімді ағылшын азаматы велосипедпен Жер шарын аралауды  174 күн ішінде жүзеге асырған. 20 елді кесіп өту үшін 18 мың мильді бағындыруға тура келді. Мұндай ерлік жасау үшін ерекше саяхатшыға велосипед педалін күніне 14 сағат айналдыруға тура келді.

Жер шарын жалғыз айналып шыққан ең жас саяхатшы

Лаура Деккер 14 жасында «Гуппи» яхтасына мініп Жер шарын айнала саяхаттауға аттанды. Ол мұхитта 70 мың (шамамен 50 мың шақырым) миль кешіп өтті. Лаура туған күніне бірнеше күн қалғанда үйіне қайта оралды. Рекордты саяхат Лаура Деккер өмірінің 1 жыл 1 күнін алды.  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ілеспе аудармашы деген кім?
Ілеспе аудармашы деген кім?
БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған галстук
БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған галстук
Марста тұзды көлдер табылды
Марста тұзды көлдер табылды
Қазақстанда Нобель сыйлығының лауреаттары қатысатын онлайн фестиваль өтеді
Қазақстанда Нобель сыйлығының лауреаттары қатысатын онлайн фестиваль өтеді
Аманжол Әбиев: Жас жазушылар – интроверт
Аманжол Әбиев: Жас жазушылар – интроверт
Не себепті туларда күлгін түс жоқ?
Не себепті туларда күлгін түс жоқ?