Көше иттерін тамақтандыратын автомат ашылды (видео)

Көше иттерін тамақтандыратын автомат ашылды (видео)
Фото: youtube.com

Стамбул қаласында көшедегі иттерді тамақтандыратын автомат ашылды. Қоқыстарды аралап, көшеден тапқаны арқылы қарын тойдыратын жануарлар енді азық іздеп аумақты араламайды. Жолай өтіп бара жатқан жолаушылар қолындағы суын немесе түрлі тағамдарын құрылғыға салу арқылы иесіз иттерге қол ұшын береді. Аталған автомат пластикалық бөтелкелерді өңдеп, оны жануарлардың тағамына айналдырады. Жеті қазынаның біріне ерекше қарайтын түрік жұртшылығы қазірдің өзінде мейірімділігі мен қайырымдылығы жоғары екенін айқын көрсетуде. Сонымен бұл қондырғының қалай жұмыс жасайтыны жайында төмендегі видеоға назар салыңыз. 

Естеріңізге сала кетейік, мұндай автомат ең алғаш Қытай елінде пайда болған. Мамандар болашақта осы арқылы өздерінің иттеріне тамақ алып кететіндер пайда бола ма деп алаңдайды. 

B. ZHAQSYMBET