NASA жұлдызнамаға өзгерту енгізуді ұсынды

NASA жұлдызнамаға өзгерту енгізуді ұсынды
Фото: commons.wikimedia.org

NASA америкалық ғарыш агенттігі жұлдызнамаға өзгерту енгізіп, 13-ші белгі ретінде «Жылан аулаушыны» қосуды ұсынды. Бұл туралы «Space Place» порталында жариялады.

Зерттеушілер Ежелгі Вавилоннан бергі 3000 жыл аралығында аспан әлемінде түрлі өзгерістер орын алғанын айтып, жұлдызнамаға да өзгерістер қажет екенін алға тартып отыр.

- Қазіргі таңда Жердің айналу осі айтарлықтай өзгерген. Жұлдыздардың орналасуында да айырмашылықтар орын алып жатыр. Сондықтан да жұлдызнамаға сөзсіз өзгерту енгізу керек. NASA «Жылан аулаушы» белгісін қосуды жоспарлауда. Тіпті көне Вавилон заманында да бұл шоқжұлдыз болған. Дегенмен олар ыңғайлы болу үшін 12 белгіні таңдап қалдырған, - деп жазады портал ақпаратында.

«Жылан аулаушы» қандай белгі?

Бұл шоқжұлдыз Ежелгі Грекияда емшілік Құдайы саналған Асклепийдің құрметіне аталған. Бәріміз білетіндей, ертеде жыланның уы медицинада емдік мақсатта пайдаланылған. Ал ақындар Асклепийді «Жылан аулаушы» деп атаған. Сондықтан шоқжұлдыздың басты белгісінде де жылан ұстаған адамның бейнесі салынған.

Ежелгі вавилондықтар да 13-ші белгі барын білген. Олар күнтізбеге байланысты 12 ай болғандықтан, ыңғайлы болу үшін «Жылан аулаушыны» қоспаған.

«Жылан аулаушы» жұлдыз жорамал қатарына қосылар болса, 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында дүниеге келген жандар осы белгіге жатады.

«Жылан аулаушылар» қандай болады?

«Marie Claire» журналының жазуы бойынша, Жылан аулаушылар әлемді тануға, білімге құштар, зерттеуге құмар болады. Олардың түйсігі жоғары келеді. Алға қойған мақсатына жетпей тынбайды. Көбіне жолы болғыш. Ашық түстерді ұнатады.

«Жылан аулаушы» белгісі қосылса, жұлдызнама кестесі қалай өзгереді?

Тауешкі: 19 қаңтар — 15 ақпан

Суқұйғыш: 16 ақпан — 11 наурыз

Балықтар: 12 наурыз — 18 сәуір

Тоқты: 19 сәуір — 13 мамыр

Торпақ: 14 мамыр — 19 маусым

Егіздер: 20 маусым — 20 шілде

Шаян: 21 шілде — 9 тамыз

Арыстан: 10 тамыз — 15 қыркүйек

Бикеш: 16 қыркүйек — 30 қазан

Таразы: 31 қазан — 22 қараша

Сарышаян: 23 — 29 қараша

Жылан аулаушы: 30 қараша — 17 желтоқсан

Мерген: 18 желтоқсан — 18 қаңтар

Ғаламтор желісін қолданушылар өзгертуге ұсынылған жаңа жұлдызнамаға таңданыстарын жасыра алмай, қызу талқылау жасауда. Ал сіз бұл ұсынысты қолдар ма едіңіз?

Ө. Сансызбай