Англияда пластикалық банкнот айналымға шықты

Англияда пластикалық банкнот айналымға шықты
Фото: s.yimg.com

Құны 5 фунт стерлинг болатын жаңа банкнот полимерлі пленкадан жасалған. Әйгілі премьер-министр Уинстон Черчилль бейнеленген банкнот 440 миллион данамен шыққан. Дүкендер ескі банкноттар мен жаңа банкноттарды 2017 жылдың мамырына дейін айырбастайды.
 
Пластикалық банкнот Мальборо қаласында маусым айында таныстырылған болатын. Бұл қалада 1874 жылы Черчилль дүниеге келген.
 
Ағылшын банкі 2017 жылы құны 10 фунт стерлинг болатын банкноттарды, 2020 жылы 20 фунттық банкноттарды шығаруды жоспарлап отыр.
 
Су жұқпайтын полимерлі материал банкнотты ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа ақшалар кір машинасында жуылған жағдайға да төзімді. Бірақ жроғары температурадан балқып кетуі мүмкін. Сонымен қатар жаңа банкнотты қолдан жасау қиын.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Е. Жұмабайұлы