Апельсиннің

Апельсиннің "бауырлары"

Цитрус жемістері дегенде, ойымызға лимон, лайм, апельсин мен мандарин келеді. Ал одан басқа цитрусты жемістердің ондаған түрлері бар екенін білесіз бе?

Цитрус – рута тұқымдас мәңгі жасыл ағаштардың бір түрі. Цитрустар арасында ең танымал түрлер – лимон, мандарин, апельсин, лайм және грейпфрут. Олар әлем бойынша ең көп сұранысқа ие. 

Алайда осы цитрустардың бұдан басқа түрлері, жемістердің бірнеше гибридтері бар екенін көбіміз біле бермейміз. Арнайы сіздер үшін біз ерекше және ең танымал деген цитрус түрлерін жинақтадық.

Танжело – мандарин мен грейпфруттың қосындысы. Жұдырықтай кішкене жемістің дәмі тәтті, жұмсақ, өзі шырынды келеді. Қабығы сарғылт-қызыл түсті, жеңіл тазаланады. Танжелоның дәмі мандариннің дәміне жақын. Оны ерекше пішіні үшін "бал қоңыраулары" деп те атайды.

Минеола – танжелоның бір түрі. Ол ”Боуэн” атты грейпфрут пен ”Дэнси” деген мандариннің гибриді. Жеміс АҚШ, Флорида штатындағы Миннеола қаласының атымен аталған. Минеола жемісінің пішіні жалпақтау, қабығы жұқа, жарқын қызыл түсті болады. Дәмінде қышқылдық байқалады.

Клементин мандарин мен апельсиннің гибриді. Бұл жемісті 1902 жылы сұрыптап, ресми түр ретінде өсіре бастады. Жемістің қызық атауы оны алғаш сұрыптап алған француз миссионері Клеман Родьеге байланысты. Басқа деректер бойынша мұндай түрлі цитрус жеміс ол уақытқа дейін Азия елдерінде болған деп есептеледі. Қабығы жылтыр күңгірт реңкі бар қызыл-сары клементиннің дәмі керемет тәтті. Ал оның ішінде сүйектердің болмауы және қабығының оңай тазалануы бұл жемісті одан да танымал қылды.

Угли сонау Ямайкада өсетін танжелоның бір түрі. Жасыл-сары жемістің қабығы кедір-бұдыр болады. Жеміс адам мен табиғат біріккен еңбегінің "жемісі" болды. Бастапқыда угли жемістері жайылымдарда табылған екен, оны мандарин мен грейпфруттың қосындысы деп есептепті. Артынан оған апельсин қосып, селекция жүргізілді. Нәтижесінде угли жемістерінің хош иісті, дәмі ерекше, кішкене ащылау болып шықты.

Рангпур – мандарин мен лимонның Үндістанда сұрыптап алынған түрі. Оның дәмі өте қышқыл, ал түсі қанық қызғылт-сары.

Каламондин немесе цитрофортунелла – кумкват пен қышқыл мандариннің "баласы". Кумкваттан ол жеуге жарамды қабығын алса, мандариннің түрі мен дәмін сақтапты. Қытайда сұрыптап алынған каламондин Шығыс елдерінде зор сұранысқа ие болды. Индонезия мен Филиппин аралдарында ертеден осы жеміс өсіріле бастады.

Кумкваттың цитрустарға еш қатысы жоқ екен. Бұл ұзын жемістер фортунелла (Fortunella) түріне жатады. Кумкваттың кішкентай қызқылт сары жемістерінің қабығын жеуге болады, ал дәмі қыщқылдау болады. Бұл жемістен керемет дәмді тосап, мармелад пен желе жасалады.

Оробланко немесе свити тәтті помело (жасыл түсті цитрус жемісі) мен ақ грейпфруттың қосындысы. Испан тілінен аударғанда жемістің атауы "ақ алтын". Жемістердің іші тәтті, нәзік, сүйексіз, ақ-сары түсті болады. Сыртқы қабаты піскенде жасыл, жасыл-сары түсті болады.

Этрог – цитрон атты лимонға ұқсас жемістің бір түрі. Бұрынғы кездері цитрон тек медициналық мақсаттарда қолданылатын. Оның емдік қасиеттері мол деп саналады.

"Будда қолы" атты цитронның тағы да бір түрі цитрустардың ең ерекше түрі деп айтуға болады. Бұл жеміс бірнеше саусақ сияқты көрінеді, атауы да осыдан шыққан. Бұл жеміс кей кездері тек қабығынан ғана тұрады, есесіне ол керемет ароматизатор.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
Бүгін – футболда ысқырық пайда болған күн
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
"Манчестер Юнайтед" ағылшын премьер-лигасында рекорд орнатты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Ғалымдар ауаны коронавирустан тазартатын сүзгі ойлап тапты
Тест. Балмұздақ. Ағылшын
Тест. Балмұздақ. Ағылшын