Боливияда динозаврдың алып ізі табылды

Боливияда динозаврдың алып ізі табылды
Фото: gdb.rferl.org

Боливияда палеонтологтар тобы шамамен 80 млн жыл бұрын мекендеген жыртқыш  динозаврдың алып ізін тапты. Іздің диаметрі 1,5 м жетеді.

Теропод динозаврдың ізі Боливияның оңтүстігінде  Сукре қаласының маңында табылды, деп хабарлады РИА Новости. Сарапшылар атап өткендей, табылған бір жарым метрлік із бұған дейінгі белгілі болған динозавр іздерінің ең ірісі болуы мүмкін.

Бұл динозаврдың бойы  12 метрден асуы ықтимал мүмкін екені хабарланды.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы