40 түрлі жеміс берген ағаш (видео)

40 түрлі жеміс берген ағаш (видео)
Фото: haydenhub.org

Нью-Йорктегі Сиракуз өнер университетінің оқытушысы Сэм Ван Акен әрі суретші әрі селекционер. Бір жолы ол көктемде кәдімгі ағашқа түрлі жемісті ағаштың бұтақтарын теліп будандастырған.

Алғашқы тәжірибе сәтті өтті, бұтақтар гүлдеп жеміс берді. Жыл сайын аталмыш ағашқа телінген түрлі жеміс бұтақтары да көбейе түсіп олардың саны қырыққа жетті.

Көп текті ағашта өрік, шабдалы, алхоры, шие, бадам, алма және алмұрттың бірнеше түрі өсіп тұр. Әр жемістің пісетін мезгілі әр түрлі болғандықтан ағаш жыл бойы жеміс береді. Жыл бойы ағаштың бойында ақ-қызыл түске боялған түрлі гүлдер өсіп тұрады.

Сэм осындай ағашты 2008 жылы өсірді. Содан бері көп жеміс беретін 16 гибрид ағаш будандастырылды. Оларды Нью-Йорк саябағынан, мұражайлардан және де әлемнің түкпір-түкпіріндегі сауда орталықтарынан көруге болады. 

Дереккөз: inform.kz

Г. Берік