Калифорнияда ең сүйкімсіз иттердің байқауы өтті

Калифорнияда ең сүйкімсіз иттердің байқауы өтті
Фото: hd.clarin.com

Калифорнияның Петалума қаласында ең сүйкімсіз иттердің 28-дәстүрлі байқауы өтті. Бұл жолы бірінші орынды 17 жастағы Свипи Рэмбо қанжығалады.

Ол – чихуахуа және қытайдың айдарлы итінің шатысы. Свипи Рэмбоға бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ, алайда ол өзге 15 қарсыласын шаң қаптырып кеткен. Ол өзінің күнге шағылысатын ерекше айдары, салақтаған тілі және бақаның табаны тәріздес табандарымен қазылар алқасын таңқалдырды.

Сондай-ақ иттің иесі оның образын толықтыру мақсатында соқыр жануарларға арналған жөргек кигізген. 44 жастағы Рэмбо Джейсон Вуртцтың сөзінше, ол итті әйеліне сыйлық ретінде алған, алайда әйелі иттен қорқатынын және оны үйде асырағысы келмейтінін айтқан. Бұған қарамастан, Вуртц төрт аяқтыны өзіне қалдыруға шешім қабылдаған. Америкалық азамат қазылар алқасынан алған ақшаны аузында ісік пайда болған Свипи Рэмбоның операциясына жұмсайтынын мәлімдеді.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы