Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлем елдері Білім күнін қалай атап өтеді?

Әлем елдері Білім күнін қалай атап өтеді?

Әлем елдері Білім күнін қалай атап өтеді?

Білім күні халықаралық мереке болып белгіленгенімен, Жер шарындағы барлық елдерде оқу жылы дәл осы күні басталмайды. Бұған дейін әр елдің мектеп формалары туралы жазған едік. Бүгін сіздерге әлем халықтарының Білім күнін қашан және қалай атап өтетіндігі туралы баяндайтын боламыз.

Мәселен, Норвегияда оқу жылы сәуір айының аяғында басталады.

Бұл елде балалар мектепке алты жастан бастап қабылданады. Бір қызығы, норвегиялық білім беру ордаларында асхана деген мекемелер атымен жоқ. Мектептерде ғана емес, балабақшада да бөбектерді тамақтандыруға рұқсат берілмейді. Балалар өздерімен бірге жеңіл-желпі тамақтарын ала келетін көрінеді.

Ал, Үндістанда Білім күні – нағыз аптапты ыстықта, яғни, бірінші маусым күні өткізіледі. 

Сондай-ақ африкандық елдердің балалары сабаққа төрт жастарынан бастап барады. Мектепке дайындық үш жастан басталып, арнайы курстарға қатыстырылады. Мектепке қабылданбас бұрын, бала барлық әріптерді білуі және әлемтану пәндерін меңгеруі тиіс. Өкінішке орай, бұл мемлекетте білім алу міндетті болып саналмайды, сондықтан миллиондаған жеткіншектер мектеп табалдырығын мүлде аттамайды десе де болады.

Жапонияда оқу жылының басталуы сәуірдің басталуымен тұспа-тұс келеді.

Олардың айтуынша, балалар мектепке көгілдір көктемнің шуақты күндерінде көтеріңкі көңіл-күймен келеді екен. Аталған дамыған мемлекетте оқушыларды алты жастан бастап қабылдайды. Жапондық бөбектердің сабақ кестелеріне «табиғатты тамашалау» атты пән енгізілген. Сабақ барысында оқушылар көшеге шығып, түрлі жерлерге саяхат жасап, табиғатты аялау және табиғи құбылыстардың құпиясын шешуді үйренеді.

Біздің мемлекеттегідей Белоруссия, Украина, Чехия, Ұлыбритания және Балтық жағалауының бірнеше мемлекеттерінде оқу жылы бірінші қыркүйекте басталады. Бұл елдерде бала алты жастан бастап сабаққа барады. Және олардан әріп тануы тиіс деген талап қойылмайды.

Польша, Испания сынды Батыс Еуропа елдерінде Білім күні – 1 қазанда атап өтіледі. Олардың кейбірінде нақты күн белгіленбеген, мәселен, Испанияда оқу жылы астықтың жиналу мезгіліне байланысты белгіленеді.  Францияда да дәл солай, нақты күн анықталмаған.

Оңтүстік Кореяда Білім күні наурыз айында тойланып, балалар мектепке сегіз жастан бастап қабылданады.

Мұнда оқушыларды мектепке және сыныпқа бөлу жүйесі өте ерекше жасалған. Олар алдымен арнайы емтихандар тапсырады. Жақсы ұпай жинағандар мектепті өздері таңдаса, нашар жауап бергендер қайда жолдама берілсе, таласпастан сонда барып оқуы тиіс.

Германияда оқу жылы бірінші қыркүйекте басталмайды, дегенмен тамыздың аяғында немесе қыркүйектің басында, әйтеуір қазан айынан бұрын басталуы керек. Негізінде Білім күнін қай күні атап өтуді Германияның әр автономиясы өздері белгілейді. Мектепке бала 6-7 жастан бастап қабылданады. Ерекшелігі: мұнда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршінге «бірінші сынып қапшығы» атты дәстүрлі сый тарту етіледі. Бірінші сыныпқа келген әрбір жеткіншекке түрлі тәттілер, кітаптар, ойыншықтар салынған қағаз қапшықтар тарту етіледі.

Ал сіздер бірінші қыркүйекті қалай атап өтесіздер?

Суреттер: euromag.ru,bigpicture.ru,afignya.com,kurer-sreda.ru,futbolki.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2087 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 қыркүйек 2013, 09:04
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 14:12

Оңтүстік Кореяда балалар мектепке де оқуға түскендей түседі екен ғой :roll:

+0
31 тамыз 2012, 15:38

бірінші сыныпқа барғаным әлі есімде. Маржанмен бірге мәз болып тұрдым өзімнен екі есе үлкен ақ көйлек киіп алып ))

+0
31 тамыз 2012, 15:40

жапондар ел демалып жатқанда оқу оқып жүреді екен, қиындау....)

+0
31 тамыз 2012, 16:17

африкандыктар 4жастан барады екен,тым ерте емеспа? Бiлiм алу,алмау мiндет емес екенi жаман екен. :roll:

+0
01 қыркүйек 2013, 14:26

Ия білім алмау деген қиын екен! 4 жас деген арине ерте, оларга киын гой,7 жас болса мейлі!

+0
01 қыркүйек 2013, 16:00

біз үшін ерекше күн еді. Папам бәріміз бірге даындалатынбыз. Біздегі жүйе ұнайды, мектепте оқу міндетті болғаны жақсы ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...