Америкада метеорит құлады

Америкада метеорит құлады
Фото: wallpaperpcmobile.com

Мэн штатының полицей қызметкері өз автокөлігіндегі видеорегистраторға құлап бара жатқан метеоритті түсіріп алған. Метеорит штаттың солтүстік батысындағы орманға құлады деген болжам бар. Ол құлағанда болған жарық бірнеше штаттан көрінді.

АҚШ әскери-теңіз обсерваториясының офицері метеорит өлшемін тоңазытқыштың көлеміне теңеді.

Maine Mineral & Gem Museum минералогия музейі метеориттің жарықшағын тапқанға 20 мың доллар көлемінде сыйақы беруге уәде берді.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы