Киевте атышулы адам дене мүшелерінің көрмесі өтпек

Киевте атышулы адам дене мүшелерінің көрмесі өтпек

Киевте The Human Body Exhibition деген атпен адам дене мүшелерінің көрмесі өтпек, деп хабарлайды The Village интернет-газеті. Бұл шара Киев қаласында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен 23 желтоқсанына дейін жалғаспақ.

Көрмеде адам денелерінің табиғи түрі қойылып, сұйықтықтарды мата силикондарға айналырған экспонаттар көрсетіледі. Барлық экспонаттардың бұлшық еттері мен басқа дене мүшелері матадан жасалған.

На The Human Body Exhibition көрмесінде адам сүлдесінен қан айналым жүйесін, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің қалай жұмыс істейтінін бақылауға болады. Онымен қоса шылымқұмарлар ме араққұмарлардың ішкі ағзасының қалай бұзылып жатқанын да видеоөзгеріс арқылы тамашалауға әбден болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозиция адамдарға және олардың салауатты өмір салтын сақтауына арналады.

Көрмеде 150 экспонат қойылады. Оның ішіндегілердің барлығы толық адам денелері емес, арасында бөлшектенген мүшелер де бар. Көрмеде ағзаның даму жолында өзгеріске ұшыраған органдар мен қатерлі ауруларға шалдыққан мүшелер да орын таппақ.

Бұл көрме 2005 жылдан бері ел аралап келеді. Осы уақыт аралығында көрмені тамашалған адамдардың саны 32 миллонға жетіп жығылады. Ал Украинада алғаш рет өтіп жатыр.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: hotnews.com.ua, newsland.ru, spain-fan.com

А. Әбілхан