Кубаны көргіңіз келсе

Кубаны көргіңіз келсе
Фото: adme.ru

«Бостандық аралы» атауының өзі құлаққа өте жағымды естіледі, әрі қауіпсіз көрінеді. Сол үшін осы кішкентай аралы бар елді көруге мүмкіндік алып, Кубаға әлемнің басқа бір шетінен баратындар көп. Кубаға жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Сондықтан елде туристер ешқашан үзілмейді және жыл сайын 2 миллион адам келеді. Кубалықтар өте ашық, жайдары және тез тілтабысқыш. Ол жерге барған турист еш қиналмай, ортаға тез сіңісіп кете алады. Сондай туристтің бірі болғысы келетіндер үшін Кубаның тыныс-тіршілігінен хабар беретін бірнеше суреттер ұсынамыз. 

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы тізіміне енген Виньялес алқабы

Кариб теңізі

Бұрынғы парламент ғимаратының алдындағы ретро автөкөліктері

Куба  ән мен бидің елі. Билей алу қабілеті өмірге келген әрбір кубалыққа тән. Ырғақты әуенді естіген кез келген тұрғын, кез келген жерде, кез келген жаста билей береді. Ең бастысы көтеріңкі көңіл-күй мен содан ләззат ала білу.

Гаванадағы Малекон жағажайы  қаладағы ең танымал кешкі серуенге арналған орын.

Гавананың қарттары

Көкөнісі толтырылған арбасы бар саудагер бір орында тұрып сауда жасамайды. Кешке дейін қала ішін аралап жүріп сатады.

Гавананың таңғы көрінісі

Бакунаягуа көпірі және Юмури жасыл алқабы

Гавананың Урсулинов ауласындағы әдемі терезелер

Гаванадағы ескі, бірақ ашық түсті көшелер

Сьенага-де-Сапата ұлттық саябағы  құстар мен жануарлардың тамаша мекені

Гавана көшелерінің кешкі көрінісі

Куба өзінің сапалы темекісімен және кофесімен мақтана алады. Сондықтан олардың негізгі басты нышаны  Эрнесто Че Гевара және кубиндық орамалы жуан темекі.

Ашық аспан астындағы Тринидад мұражайы.

Салтанатты Капитолия залы.

Америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй Кубаны "Жердегі жұмақ" деп атаған. Оның Кубадағы ең сүйікті орны - «Эль-Флоридита» бары. Ол бұл жерде дайкири ішімдігін ішіп, кубалықтардың өмірін бақылаған.

Ром - қант борығы шырынын ашытып жасалатын спиртті ішімдік. Ал кубадағы ең танымал ром - Куба либре, Дайкири және Мохито. Тұрғындары салқын сусын ретінде көп ішеді.

Теңіз тағамына әуесқой жандар үшін тәбетті лобстер.

Кубадағы кешкі жағажай көрінісі.

Кубаға келер болсаңыз, олардың мәдениеттерінің әсері сіз үшін ерекше әсер етуі мүмкін. Куба бай елдер қатарына кірмейді. Алайда қарапайым халқы байлар өмірінен кемде-кем емес. Сонымен қатар олар өмір сүру салтын жақсы біледі және өмірге сондай құштар. Әрбір атқан таңдарын көтеріңкі көңіл-күймен бастайды. "Бостандық аралы" деп аталуының себебі де, сол халықтың еркіндік пен бостандықты сүйетіндері және солай өмір сүретіндіктерінде болуы мүмкін.

Н. Үсенова