Қызыл теңізде Африка мен Азияны жалғайтын көпір салынады

Қызыл теңізде Африка мен Азияны жалғайтын көпір салынады
Фото: web-mirror.net

Каирге бес күндік сапармен барған Сауд Арабиясының патшасы мен Мысыр президенті Қызыл теңіздің үстімен екі елді қосатын көпір салу жөнінде келісімге қол қойды. Патша Салманның мәлімдеуінше, көпірдің салынуы бұрыннан одақтас екі мемлекет арасында сауда қатынастарының дамуына септігін тигізеді.

Сонымен қатар, екі мемлекет басшылары түрлі салалардағы бірлескен 15 жобаны дамытуға келіскен. Қызыл теңіз үстімен екі құрлық – Африка мен Азияны жалғайтын көпір салу осыдан 30 жыл бұрын ұсынылған екен. Бірақ осы күнге дейін бұл жоба іске аспай келді.

Дереккөз: 24.kz

@. @assel_assanova