"Әлем аруы-2012" анықталды

"Әлем аруы-2012" анықталды

Қытайда өткен "Әлем аруы-2012" байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы жылдың аруы да анықталды, жеңімпаздың есімі - 23 жастағы қытайлық Ю Венься. Бұл туралы байқаудың  арнайы сайты хабарлайды.

Ал екінші орынды Ұлыбританияның уәкілі - Элизабет Молдс иемденсе, үшінші орынды австралиялық Мишель Кахавати жеңіп алды.

Қытайлық аруға тәжді былтырғы жылдың жеңімпазы венесуэлалық Ивиан Саркос кигізіп, жетістігімен құттықтады.

Байқау қортындысы жарияланысымен-ақ, Ю Венься: "Бала күнімде көптеген адамдар маған көмек қолын созғандықтан өзімді бақытты санайтынмын. Келешекте мен де өздерін бақытты сезінулері үшін бөбектерге қамқор болғым келеді", - деп ағынан жарылған.

Байқауда он алты елдің ең сұлу арулары бақтарын сынағандығын айта кетейік. Сайыстың финалы Қытайдың Ордос қаласында өтті.

Суреттер: news.rambler.ru,facebook.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева