Егеуқұйрықпен қоректенетін өсімдік

Егеуқұйрықпен қоректенетін өсімдік
Фото: cpukforum.com

Оңтүстік-шығыс Азияда жәндіктерді ғана емес, ұсақ кеміргіштерді де қорек ететін өсімдік өседі.

Ет қоректі құмыра пішіндес ашық қызыл гүлді ғалымдар "Nepenthes northiana" деп атады. Мұндай атты ол ағылшын танымал саяхатшысы М.Норттың құрметіне алған. Ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі өсімдіктерді зерттеумен айналысқан.

"Nepenthes northiana" негізінен егеуқұйрықтармен, шыбындармен және басқа да ұсақ жануар немесе жәндіктермен қоректенеді. Гүлшанағының өлшемінің диаметрі кейде 20 см-ге дейін жетеді. Құмыра, ашық тартымды түсімен қатар, жағымсыз иіс бөледі. Жануарлар дәл осы қармаққа елтіп, қышқылға толы құмыраға түседі. Ет қоректі өсімдік ас қорытуды дәл сол жерде бастап кетеді. Пішіні мен өсімдіктің қабырғалары сырғанақ болғандықтан егеуқұйрық сыртқа шыға алмай қалады.

Айтпақшы, халық арасында танымал Венерина шыбынжек те егеуқұйрықтар мен тышқандарды жеуден тартынбайды. Бірақ пішін құрылысы мен өлшемдеріне байланысты оның аңшылықта жолы бола бермейді, сол себепті жануарлар гүлдің «қармағынан» кейде сыртқа шығып кетіп жатады.

Дереккөз:bilim-all.kz

Н. Үсенова